Өзбекстан әншілері тойда келісімшарт арқылы өнер көрсетеді

1788

Той жиындары мен отбасылық шараларды өткізу бойынша арнайы қабылданған бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетін болады. 

Өзбекстан әншілері тойда келісімшарт арқылы өнер көрсетеді

Жергілікті билік тойдағы ысырапшылдықты жоюдың жолын тапқан сыңайлы. Өзбекстан Парламенті "Үйлену тойы, мерейтой, ас беру және тағы да басқа шараларды өткізу жүйесін жетілдіру" туралы заң қабылдады. Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық ақпараттық агенттігі қабылдады. Құжат 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 

Ережеге сәйкес, келесі жылдан бастап өнерпаздар тойларда тек келісімшарт арқылы қызмет көрсетуге міндеттеледі. Сонымен қатар той рәсімдері шағын түрде өтіп, құжатта белгіленген тәртіп бойынша, той иесінің екі әртістен не топтан артық өнерпаздарды шақыруына тыйым салынады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу