Өзбекстан Арал теңізінің айналасына сексеуіл егуге ниетті

479

Егіс маусымы жақын арада басталады.

Өзбекстан Арал теңізінің айналасына сексеуіл егуге ниетті Фото: Gazeta.uz

Өзбекстан авиацияның көмегімен Арал теңізінің түбіне сексеуіл егуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Мұны іске асыру үшін төтенше жағдайдың ұшақтары пайдаланылады. ТЖМ-нің инженерлік қорғау және құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары басқармасының қызметкерлері сексеуілдің тұқымын дайындап жатыр.

Арал теңізінің түбіндегі егіс маусымы жақын арада басталады. Судың кеуіп кетуіне байланысты экологиялық апаттың салдарын азайту үшін құрғақ Аралдың түбіне орман екпелерін құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде.

“Өткен жылдары ТЖМ және орман шаруашылығы агенттігінің күшімен құрғақ аймақ аумағында шөлді өсімдіктермен орасан зор орман алқаптары құрылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, Аралды көгалдандыруға халықаралық компаниялар да қатысады. СERIELL Group Үстірт экспедициясы аясында Арал өңіріне 2000 ағаш отырғызды. Оның ішінде 250 шаған, 250 қарағай және 1500 сексеуіл бар. Ал күзде "Яшил макон" акциясы өтті, онда өзбекстандықтар Муинак ауданындағы Арал маңындағы учаскелерде 28 мың гектар жерді көгалдандырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу