Бұл туралы бүгін "Ферғана" АА "Өзбекстан темір йуллари" (Өзбекстан темір жолдары) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Измирден шыққан пойыз 4500 шақырым қашықтықты Иран мен Түрікменстан аумағынан өтіп, 25 күнде жүріп өтті. 40 вагоннан тұратын құрам тоңазытқыш жабдықтары мен басқа да тұрмыстық техниканы жеткізді. Жақын арада осы бағыт бойынша Ташкентке тағы 250-ден астам вагон жеткізілетін болады", - делінген хабарламада.
Рейс ағымдағы жылдың 10-11 қарашасында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымы президенттерінің саммитінде қол жеткізілген жаңа көліктік транзиттік дәліздерді құру мен дамыту туралы уағдаластықтың нәтижесінде өтті.