Өзбекстан астанасындағы базар өртке оранды

139

Зардап шеккендер жоқ. 

Өзбекстан астанасындағы базар өртке оранды Фото: gazeta.uz

Ташкент қаласының Чиланзар ауданындағы "Бешқұрған" базарында ірі өрт болды. Өртті сөндіруге екі сағаттан астам уақыт кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Жексенбі күні Өзбекстан астанасындағы ипподром маңында орналасқан "Бешқұрған" базарында ірі өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, хабарлама сағат 15:56-да түскен. Шамамен бір сағаттан кейін өрт оқшауланған, ал сағат 18:18-де толық сөндірілген.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Әзизбек Икрамов келді. Құзырлы орган жағдайды толық бақылауына алған. Белгілі болғандай, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген сурет пен бейнежазба жарияланды. Сатушылар өрт болып жатқан сәтте дүкендерден өз тауарларын алып шығуға тырысқан. Ал адамдар базарға жақын орналасқан газ құю бекетінен алысқа қашып, көліктеріне мінуге асыққан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жалын сауда орталығындағы бірнеше дүкенді шарпыған. Өрт ғимараттың ішкі бөліктері мен шатырына тарады.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу