Өзбекстан: Ауғанстан билігі адам құқығының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс

848

Иргашев халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанның қазіргі билігінен террористік ұйымдармен арадағы қарым-қатынасты тоқтатуын күтіп отырғанын мәлім етті.

Өзбекстан: Ауғанстан билігі адам құқығының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс

Ауғанстанның қазіргі билігі әлем елдерінің бірыңғай талабына құлақ асуы тиіс, яғни адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі керек. Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Исматулла Иргашев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ауғанстанның қазіргі билігі адамның, саны аз ұлттардың, әсіресе әйелдер мен қыздардың құқықтарын қамтамасыз етуі керек, қыздардың жұмыс істеуге, жоғары сыныптарда оқуына мүмкіндік беруі керек", – деді ол.

Иргашев халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанның қазіргі билігінен террористік ұйымдармен арадағы қарым-қатынасты тоқтатуын күтіп отырғанын мәлім етті.

"Біз ауған делегациясының басшысы (Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Моттаки) халықаралық террористік ұйымдармен, оның ішінде "Аль Каидамен" қарым-қатынасты үзуге уәде береді деп үміттенеміз. Бұл Ауғанстан жөніндегі конференцияның мақсаты мен міндеті болып табылады", – деді Иргашев.

Табиғат Нұрболат

Фото: foreignpolicy.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу