Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын тасымалдауды жалғастырады

210

Өзбекстандық делегация Ауғанстанда болған. 

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын тасымалдауды жалғастырады Фото: DABS

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын экспорттау жөніндегі келісімді 2025 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы Afghanistan Breshna Shirkat (DABS) компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұдан бөлек Ауғанстан аумағында "Сурхан - Пули - Хумри" электр желісінің құрылысы да талқыланды.

"Узэнергосотиш" және ауғанстандық DABS компаниясы 2025 жылға электр энергиясын сатып алу туралы келісім жасады. Тиісті құжатқа Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов бастаған өзбекстандық делегацияның Ауғанстанға барған сапарында қол қойылды.

Тараптар Өзбекстаннан Ауғанстанға қуаты 500 кВ болатын электр беру желісінің құрылысын да жан-жақты талқылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу