Өзбекстан аумағындағы екі ауыл Қазақстанға өтті

1444

Қазақстанның жері 796 гектарға ұлғайды.

Өзбекстан аумағындағы екі ауыл Қазақстанға өтті

Кезінде Өзбекстанға қараған Бағыс және Хиебон ауылдары шекаралас Сарыағаш ауданына өтті. Қос елдімекеннің Түркістан облысына қосылғаны туралы тиісті құжатқа премьер-министр Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бағыс ауылының 750 гектар жері енді Ақжар ауылдық округіне өтсе, 46 гектарға жуық жері бар Хиебон ауылы Құркелес ауылына қарайтын болды.

Алашапанды ағайындардың келісімімен шекарадағы қос ауыл Қазақстанға 2001 жылы өту керек болған екен. Бірақ, құжаттар түгенделмей Бағыс пен Хиебон картаға енбей қалған. 20 жыл бойы не анда, не мында емес ауылдарды қазақ жеріне өтуін Түркістан мәслихатының депутаттары биыл сәуір айында ғана көтеріп, үкіметке ұсыныспен шыққан. Енді 270-ке жуық отбасы өз құжаттарымен қоса, баспаналарының құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік алып отыр.

 "Пайдаланудағы тұрғын үйлерін заңдастыру мақсатына өтініш жазып, ол да жер бөлу комиссиясында қаралып жатыр. Алдағы аптада жер бөлу комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін адамдар барып өздерінің жер орналасу жобасын жасатып, ауыл әкімінің шешімін алып, өздерінің пайдаланып жатқан тұрғын үйлерін заңдастыруға толық мүмкіндігі болады",– дейді Сарыағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Көкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу