Өзбекстан азаматшасы SCAT компаниясын сотқа бермек

777

Светлананың айтуынша, 42 адам отырған ұшақ бортында одан өзге зардап шеккен тағы 2 жолаушы болыпты. 

Өзбекстан азаматшасы SCAT компаниясын сотқа бермек

Нұр-Сұлтан әуежайында апатты жағдайда қонған ұшақтың бортында отырған 54 жастағы Светлана Симонова басынан ауыр соққы алып, 12 күн ауруханда жатқан. Atameken Business арнасына эксклюзивті сұхбат берген әйел, қазір адвокат жалдап, емделуге жұмсалатын қаражатты өндіруге ниетті екенін айтты.

"Әуе компаниясының зардап шеккендердің санын жасырғаны өкінішті. Олар менің де қоңырауларыма жауап берер емес. Мен тек алдағы уақыттағы денсаулығымның жақсаруына, ем алуға өтемақы төлесе деймін", – дейді Светлана Симонова.

Светлананың айтуынша, 42 адам отырған ұшақ бортында одан өзге зардап шеккен тағы 2 жолаушы болыпты. Олар да онымен бірге №2 ауруханаға түскен. Біреуі бортсерік болса, екіншісі – пилот. Бірақ ұшқыштың ғана ауруханаға түскенін алға тартқан әуе компаниясы өзге екі адам жөніндегі мәліметті растамады.

Еске сала кетсек,  SCAT-қа тиесілі ұшақ 3 мамырда елорда әуежайына апатты жағдайда қонған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу