Өзбекстан азаматтары мінген автобус Жамбыл облысында жолда қалып қойған

1011

Өзбекстан азаматтары мінген автобус Жамбыл облысында жолда қалып қойған

Жамбыл облысында 44 адам мінген автобус бұзылып, қыстың көзі қырауда жолаушылар жолда қалып қойған, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Меркі ауданы Аспара ауылынан 15 шақырым жерде болған. Көліктегі жолаушылардың бәрі көршілес Өзбекстан елінің азаматтары екен. Жедел жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары автобустағы 44 жолаушыны Аспара ауылдық мектебіне орналастырды. Қазір өңір жолдарында тосын жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

"Кеше сағат 13:02-де Жамбыл облысы департаментінің кезекші басқармасына Меркі ауданы Аспара ауылына 15 шақырым жерде Сарыағаш-Алматы автобусы бұзылып қалған. Автобуста 44 адам болды. Құтқарушылардан 1 бірлік техника мен 3 адам шықты. Олар жолаушыларды Аспара ауылындағы номері екінші мектепке жеткізді. Ал сағат 19:30 шамасында Алматыдағы жұмыс беруші оларды басқа көлікпен алып кетті", - дейді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұнатаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу