Өзбекстан азаматы экстрадициялық қамауға алынды

1065

Адам саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзбекстан азаматы экстрадициялық қамауға алынды

"1984 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы экстрадициялық қамауға алынды. Ол өз еліне қайтарылады және сол жақта тиісті жазасын алады", – деді полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, адам саудасына қатысты қылмыстың алдын алу жұмысы үздіксіз жалғасып жатыр. 

"Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның тұрған жерін анықтап, іздеуде жүрген 3  қылмыскерді қолға түсірді", – деді полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу