Өзбекстан азаматын тонаған "полицейлер" ұсталды

751

Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің екеуі де бұрын сотты болғаны анықталды.

 Өзбекстан азаматын тонаған "полицейлер" ұсталды

Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары Өзбекстан азаматын тонаған жалған полицейлерді ұстады,деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзбек ұлтының азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне келіп, өзін белгісіз азаматтар тонағанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша Қазақстанда жұмыс жасағаннан кейін, ол еліне қайтпақшы болады. Осылайша, "Жібек жолы" кеден бекетіне келгенінде, оның жанына белгісіз көлік тоқтап, ішіндегілер өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, құжаттарын көрсетуді сұраған. Құжаттарын көрсеткенінде күдіктілер оның өзге ел азаматы екенін айтып, көлікке отыруын бұйырған. Көлікке отырғызып алып, шетке апарып, тірі қалғың келсе, қалтаңда бар ақшаңды бер деп қорқытып, 60 000 теңге ақшасын жымқырған.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді. Полицейлер тез арада қылмыскерлерді ұстау мақсатында іске кірісті. Полиция қызметкерлері Мақсат Пернебаев пен Ғазиз Ақбердиев куәгерлерден сұрастырып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізіп, түрлі ақпарат көздері арқылы, пробация қызметкерлерімен бірлесіп, жалған полицей күдіктілерді ұстады. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің екеуі де бұрын сотты болғаны анықталды",– делінген хабарламада.

Күдіктілер заңсыз әрекетке барғандарын мойындаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу