Өзбекстан балабақшаларының бірінде 4 жасар қызға зорлық жасалған

422

Бұл туралы баланың ата-анасы шағым түсірген.

Өзбекстан балабақшаларының бірінде 4 жасар қызға зорлық жасалған Фото: freepik

Өзбекстандағы лицензиясыз жұмыс істеген жеке балабақшалардың бірінде 2019 жылы туған бүлдіршінге жыныстық зорлық-зомбылық жасалған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Өзбекстан балалар омбудсменінің мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ташкент облысы Келес қаласында тұратын Қ.Т. өзінің 2019 жылы туған қызына балабақшада жыныстық тиісу орын алғанын айтып, шағым түсірген.

Осы өтінішті Бас прокуратурамен бірлесіп зерделеу нәтижесінде Келес қаласындағы жекеменшік балабақшада қызға жыныстық тиісу фактісіне байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы (он алты жасқа толмаған адамға қатысты әдепсіз әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір Ташкент облыстық ІІБ ТБ тарапынан алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, З.Б. тұрып жатқан үйінде, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тиісті рұқсат құжатын алмай, лицензиясыз балабақша ашқаны белгілі болды.

Ташкент облысының санитарлық-эпидемиологиялық тыныштық және қоғамдық денсаулық басқармасы аталған үйді тексерген кезде, мұнда санитарлық ережелер өрескел бұзылып, балабақшада жұмыс істеген Г.Қ. мен З.Б. медициналық тексеруден өтпегені анықталды.

Қылмыстық істі тергеу барысында азамат З.Б.-ның лицензиясыз мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашып, жұмыс істеуіне де құқықтық баға беріледі.

"Бұл қылмыстық істі тергеуді облыс прокуратурасы, Бас прокуратура қадағалап, бала мүддесіне қатысты Балалар омбудсменінің бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу