Өзбекстан банктері озып барады

1283

ҚР банктері өсім қарқыны жағынан ӨР банктерінен қалып барады.

Өзбекстан банктері озып барады

Finprom.kz зерттеушілері көршілес Өзбекстанның екінші деңгейлі банктерінің жұмысын зерттеп көріпті. Ондағы мамандар өзбек банктерінің активтері жыл санап артып, несиелік портфелінің де сапасы өскенін жазады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстан банктерінің жиынтық активтері кейінгі жылдары 20,9% өсіп, мамыр айының соңына қарай 34 трлн теңгеге жеткен болатын. Бұл ретте көршілес Өзбекстан елінде банктердің жиынтық активтері дәл сол кезеңде бірден 27,5%, до 395 трлн сомға жеткен.

"Өзбекстан банктерінің активтерінің қарқыны Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қарқынынан озып барады. Мәселен, өткен жылдың мамыр айының соңында ҚР екінші деңгейлі банктердің активтері 13% өссе, Өзбекстанда ол бұл көрсеткіш 18,9%, ал 2019 жылы Қазақстанда 6% болса, Өзбекстанда 41,1% артқан еді. Тіпті 2018 жылдың мамыр айының соңында Қазақстан банктерінің активтері 5,6% азайса, Өзбекстанның банктерінің көрсеткіші 2 есе өскен", - делінген зерттеуде.

Көршілес Өзбекстанда банк секторының қарыз портфелі Қазақстаннан қарағанда жоғары. Мысалы, кейінгі жылы ҚР екінші деңгейлі банктердің қарыздарының портфелі 11% өсіп, 16,7 трлн теңгеге жетсе, Өзбекстанда бұл көрсеткіш бірден 25,1% өсіп, 297,8 трлн сомға жеткен.

Бұл динамика жыл санап сақталып келе жатқанын да атап өту керек. Былтыр ҚР екінші деңгейлі банктерінің қарыз портфелі 13,6% өссе, Өзбекстанда 16,7% артқан. Ол аз десеңіз, 2019 жылы ҚР екінші деңгейлі банктерінің несиелік көлемі 1% азайса, көршілес республикада қарыз портфелі бір жарым есе өскен.

"Өзбекстан банктерімен салыстырғанда Қазақстандағы жағдайдың пессимистік сипаты басым екенін атап өту керек. Мәселен, Өзбекстанда NPL үлесі бар жоғы 4,7% құрайды", - дейді зерттеушілер.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу