Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жемқорлықты елдің дамуындағы басты қауіп екенін айтты. Осыған байланысты 2026 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бақылау жүйесін енгізілмек. Бұл жүйе 1 қаңтардан бастап барлық ведомстволарда жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Өзбекстан парламент пен ел халқына үндеу жолдады. Мирзиёев 2026 жылы жемқорлыққа қарсы шаралар саласында "төтенше жағдай" жариялағанын хабарлады.
"Жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, әділеттілік пен заң үстемдігін әлсірететін, қоғамдағы сенім деңгейін төмендететін ең үлкен қауіп. Жемқорлыққа жол беру реформаларымызға жасалып жатқан сатқындық деген сөз. Бұл – сатқындық", – деді Өзбекстан президенті.
Оның сөзінше, Өзбекстан қатал шараларсыз діттеген даму мақсаттарына жете алмайды.
"Егер төтенше жағдай жарияламасақ, мен айтқан көрсеткіштерге жете алмаймыз. Әлемдік қауымдастықтың бізге деген сенімі азаяды", – деді Шавкат Мирзиёев.