Өзбекстан билігі өңдеу кәсіпорындарын жекешелендіреді

957

Кәсіпорындар акциясының бір бөлігін сату арқылы Өзбекстан билігі бұл саланың инвестициялық тартымдылығы барын дәлелдемек.

Өзбекстан билігі өңдеу кәсіпорындарын жекешелендіреді

Өзбекстанда өңдеу кәсіпорындары жекешелендіріледі. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін елдің мемлекеттік активтерін басқарушы агенттік сәуірге дейін министрлер кабинетіне осындай ұсыныс жолдамақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Аталған талап бәріне емес, тек мақта зауыты мен элеваторларға қатысты. Кәсіпорындар акциясының бір бөлігін сату арқылы Өзбекстан билігі бұл саланың инвестициялық тартымдылығы барын дәлелдемек.

Қазір Орталық банк пен елдегі Қаржы министрлігінің басшылары тиісті несиелеу мен сақтандырудың тетіктерін ойластыруда. Акционер атанғысы келген адамға банктер қосымша жеңілдік жасамақ. Ол бойынша қарыз алу барысында кепіл зат үшін астық қоймасын пайдалануға рұқсат беретін құжат та жарай береді.

Ала шапанды ағайындарда мақта мен астықтың бағасын мемлекеттік сатып алумен билік бекітіп келген. Ал 2021 жылдан бастап тендер ойнатылмай, сатып алу барысында тек нарықтық құны қойылмақ. Бұл жайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің өзі мәлімдеген.                             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу