Өзбекстан биыл туризмнен 2 млрд доллар пайда таппақ

707

Өзбекстанда бір жылда туристер саны 3 есеге артқан. 

Өзбекстан биыл туризмнен 2 млрд доллар пайда таппақ Фото: Yuz.uz

Жыл басынан бері туристік экспорт 926 млн долларға жеткен. Зерттеулер бойынша шетелдіктер елде 4-5 күн болып, шамамен 305 АҚШ долларын жұмсайды екен. Өзбекстан биыл 7 млн шетелдік және 12 млн ішкі саяхатшыларды тартпақ. Сол арқылы туристерден келетін түсімді 2 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.

Өзбекстанда туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған. Оған сай ел билігі жаңа қонақ үйлердің құрылысына субсидия бөлді, қолөнершілерді салықтан босатты. Бұл саладағы бизнестің үлесін арттырды. Ал инфраструктура мәселесін шешуге миллиондаған доллар жұмсауда. Соның арқасында соңғы жылдары Өзбекстанның ақ маржаны саналатын Бұхараға келушілер артқан. Былтыр бұл көне қалада 3,5 миллион турист болған. Оның 550 мыңы шетелдік саяхатшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу