Өзбекстан депутаттарды сайлау жүйесіне өзгеріс енгізді

495

Өзбекстан депутаттық корпусты қалыптастырудың аралас мажоритарлық-пропорционалды сайлау жүйесіне көшеді. 

Өзбекстан депутаттарды сайлау жүйесіне өзгеріс енгізді Фото: inbusiness.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев "Өзбекстан Республикасының Конституциясын жаңа редакцияда іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олий мәжіліс палаталары мен саяси партиялардың Олий мәжіліс заң шығару палатасының депутаттық корпусын және жергілікті Кенгаштарды қалыптастырудың сайлау жүйесін мажоритарлық-пропорционалды негізде енгізу туралы ұсыныстары мақұлдансын", - делінген құжатта.

Жарлыққа сәйкес, заң шығарушы палата бір ай ішінде мажоритарлы-пропорционалды негізде сайлау жүйесіне көшуді көздейтін заң жобасын әзірлеуі қажет.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда көпшілік сайлау жүйесі қолданылады, онда сайлау округінде көпшілік дауысқа ие болған кандидаттар сайланған болып саналады және барлық кандидаттар елде әрекет ететін партиялардың атынан шығуы керек.

Аралас жүйе бойынша сайлаудағы мандаттардың бір бөлігі пропорционалды жүйе бойынша (партиялық тізім бойынша), ал екінші бөлігі мажоритарлы жүйе бойынша (кандидат үшін дауыс беру) бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу