Өзбекстан ДСҰ-ға кіру үшін 11 елмен келіссөзді аяқтады

344

Өзбекстан билігі Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін әлемнің 11 елімен келіссөзді ақтап, солардың тоғызымен хаттама қабылдады.  

Өзбекстан ДСҰ-ға кіру үшін 11 елмен келіссөзді аяқтады Фото: daryo.uz

Жапония, Израиль және Доминикан Республикасымен хаттамаға қол қойылған, Таиландпен келіссөз аяқталған.

Бұл туралы Газете.uz агенттігіне премьер-министр орынбасары Жәмшид Хожаевтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, Өзбекстан 11 елмен келіссөзді аяқтады. Былтыр сәуірде Грузиямен, қарашада Түркия, Моңғолстан және Сауд Арабиясымен хаттамаға қол қойылған.

2023 жылғы сәуірде президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан міндетті түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі керек деп мәлімдеген.

Өзбекстан билігі осы ұйымға кіруді көздейтін қадамдарын 1994 жылы бастаған, алайда 2005 жыл ол әрекетін тоқтатқан. 2020 жылы ұйымға кіру жөніндегі жұмыс қайта жанданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу