Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің "Тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ары қарай жетілдіру шаралары туралы" қаулысымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда-саттық пен қызмет көрсетуде тегін полимерлі үлдір беруге тыйым салынды, деп хабарлайды Интерфакс.
Құжат мәтіні елдің БАҚ-тарында жарияланды.
Сондай-ақ елде қалыңдығы 40 микрон болатын (тауардың ажырамас бөлігі саналатын, экспорт үшін пайдаланылатындардан өзге) полимерлі үлдір өндіруге, Өзбекстан аумағына кіргізуге де тыйым салынды.
Тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін салық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу