Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға жақын

137

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға бағыттылған жоспарлармен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға жақын Фото: daryo.uz

Бұған дейін өзбек тарапы ДСҰ-ға қосылу бойынша 33 елмен келіссөз жүргізіп, сәйкесінше 24 мемлекетпен тиісті келісім жасаған.

Бүгінде ұлттық заңнаманы ұйым стандартына сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 13 заң, президенттің 10 жарлығы мен қаулысы, Министрлер Кабинетінің 19 қаулысы және 10 ведомствоаралық нормативтік-құқықтық акті қабылданды.

Кеңес барысында Шавкат Мирзиёев ДСҰ-ға қосылу процесін жеделдету бойынша тапсырма берді.

"Президент жыл соңына дейін қалған 9 елмен екіжақты келіссөздерді аяқтап, жұмыс тобының тағы екі отырысын өткізу міндетін жүктеді. Кейін жұмыстардың қорытынды есебі әзірленеді", - делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұлыбритания Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылуы үшін техникалық көмек көрсетуге ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу