Өзбекстан ЕАЭО-ға қосыла ма?

916

Шавкат Мирзиёев бұл мәселені зерттеп, дұрыс шешім шығаруды депутаттар мен сенаторларға қалдырды.  

Өзбекстан ЕАЭО-ға қосыла ма?

Өзбекстан ЕАЭО-ға қосыла ма? Елдің Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов жауап берді, деп хабарлайды "Озодлик" радиосы.

"Өзбекстанның осындай интеграциялық ұйымдарға қалай және қандай деңгейде қатыса алатындығын анықтаймыз. ЕАЭО жайлы сұрақ көп. Алдымен, интеграцияға деген көзқарасымызды білдіргім келеді. Жаһандану кезеңінде бұл табиғи процесс. Ал Өзбекстан бұл процестен тыс қала алмайды. Біз әрқашан ұлттық және мемлекеттік мүдделер негізінде әрекет етеміз", – деді Абдулазиз Камилов Ташкентте өткен халықаралық баспасөз клубының отырысында.

"Халықаралық істердегі маңызды мәселелердің бірі – ірі стратегиялық қатынастарымыз бар елдермен серіктестікті дамыту. Біріншіден, бұл ұлы державалар – Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, араб елдері, сондай-ақ Еуропалық Одақ және Азия елдері",– деді Камилов.

Министр Ресеймен жан-жақты қатынас жасау ниетте екендіктерін жеткізді, ол Өзбекстанның биыл ТМД-ға төрағалық ететінін атап өтті.

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ЕАЭО туралы сөз қозғағанда: "Бұл мәселені зерттегенімізге бір жылдан асты. Ең алдымен халқымыздың мүддесі мен тілектерін ескере отырып шешеміз. Депутаттар мен сенаторлар бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, қорытынды жасауды өз мойнына алуы қажет. Мәселенің оң және теріс жақтарын зерделеуі керек. Олар қалай шешсе, солай болады. Егер қолайлы десе, онда қолайлы болғаны, ал егер жоқ десе – жоқ", – деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу