Өзбекстан ЕЭК-тағы өкілін тағайындады

1067

Өзбекстан 2020 жылдың желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бақылаушы мәртебесін алды. 

Өзбекстан ЕЭК-тағы өкілін тағайындады

Өзбекстан үкіметінің шешімімен Шухрат Шукуров елдің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы (ЕЭК) өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Интерфаксқа сілтеме жасаған inbusiness.kz.

"ЕЭК Алқасының Төрағасына Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтен дипломат Шухрат Шукуровты комиссиядағы елдің өкілі етіп тағайындау туралы хат келіп түсті", - деп хабарлайды агенттіктің ақпарат көзі.

Оның айтуынша, жұма күні Өзбекстанның Ресейдегі елшісі Ботиржон Асадов ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуінде жаңа тағайындалған ЕАЭО-мен ынтымақтастық жөніндегі елшілік кеңесшісін және Өзбекстанның ЕЭК-тегі өкілін таныстырды.

Қазіргі кезде ЕАЭО құрамына Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіреді.

Өзбекстан 2020 жылдың желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бақылаушы мәртебесін алды.

ЕЭК мәліметтері бойынша, 2016 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта Өзбекстанның ЕАЭО елдерімен жалпы сауда айналымы екі есеге, яғни  4,5 млрд доллардан 9,1 млрд долларға дейін өскен, 2020 жылдың соңына қарай елдің сыртқы сауда айналымы 22,9 млрд долларды құрайды. Оның ішінде экспорт - 11,5 млрд доллар, оның шамамен 20% -ы ЕАЭО елдеріне, импорт - 11,4 млрд доллар (одақ елдерінің үлесі шамамен 55%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу