Өзбекстан Республикасының экс-президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованы қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағып, қамауға алды, деп хабарлайды alashinform.kz.
Гүлнәр Кәрімоваға алаяқтық, кеден заңнамасын бұзу, шетелдік валютаны жасыру, сауда және қызмет көрсету ережесін бұзу ісі, жалған құжаттар мен кірістер заңсыздығы қылмыстық жолмен алды деген айыптар тағылуда.
Бас прокуратураның мәліметінше, үш компанияның салық төлеуден жалтару қылмыстық ісін тексеру кезінде Кәрімованың олардың қылмысына қатысы болуы мүмкін.
"Тергеу материалдары бойынша, 12 шетел аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың 1,394 миллиард доллар, 63,5 миллион еуро, 27,1 миллион фунт және 18,5 миллион франк заңсыз активтері анықталған", — делінген хабарламада.
Құқық қорғау ұйымдары Швейцариядан 777,8 миллион доллар және Колони қаласынан құны 18,5 миллион франк тұратын вилланы тапқан.
Қылмыстық топтың Франция, Гонконг, Швеция, Ұлыбритания, Латвия, Ирландия, БАӘ, Мальта мен Испанияда жеке мүліктері анықталған.