Өзбекстан электр энергиясын жеткізудегі іркілістерді Қазақстандағы апатпен байланыстырады

1585

Ташкентте жарықтың өшуі салдарынан метро, бағдаршамдар жұмыс істемейді. 

Өзбекстан электр энергиясын жеткізудегі іркілістерді Қазақстандағы апатпен байланыстырады

Өзбекстан электр энергиясын жеткізудегі іркілістерді Қазақстанның электр желісіндегі апатпен байланыстырады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

"Өңірдегі бірыңғай электр желісіне қосылған өзбек электр желісі Қазақстанның 530 желісінде кернеу мен жиіліктің кенеттен өзгеруі салдарынан бүлінді", - деп жазылған Өзбекстанның энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

Министрлік дерегінше, бүгін сағат 10:57-де Қазақстанның электр желілеріндегі ірі апаттан Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында және оған іргелес аудандарда электр энергиясы өшкен.

Салдарынан Қырғызстанның электр энергиясы жүйесінде, оның ішінде Бішкекте, Ошта және басқа қалаларда электр энергиясын беруде іркілістер байқалған.

25 қаңтарда сағат 11:00-де (Мәскеу уақыты бойынша 09:00) Өзбекстанның кейбір аймағында электр қуаты өшіп қалған.

Ташкентте жарықтық өшуі салдарынан метро, бағдаршамдар жұмыс істемейді. Қаладағы жол қозғалысын мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері реттеп жатыр. Ұялы байланыс қызметінің жұмысы тұрақсыз.

Сонымен қатар Қырғызстан мен Өзбекстандағы электр қуатының жоқтығынан таудағы арқанжол істен шыққан. Онда туристер болған. "Қырғызстандағы Чункурчак тау шаңғысы кешенінде және Өзбекстандағы Амирсой тау шаңғысы курортындағы арқанжолда адамдар тұрып қалған, - деп жазылған хабарламада.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары курортқа бара жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу