Өзбекстан елімізге гуманитарлық көмек жіберді

386

Бұл туралы Өзбекстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзбекстан елімізге гуманитарлық көмек жіберді Фото: Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Гуманитарлық көмек президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша жіберілген. Министрлер Кабинетінің бұйрығы негізінде 15 жүк көлігінен тұратын гуманитарлық жүк жасақталып, жүкті жеткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері айқындалған.

15 жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары, гигиеналық құралдар, шатырлар мен резеңке қайықтар бар. 

Гуманитарлық көмек жүктерін Қазақстанға Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы жеткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу