Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Иван Нагаев Қазақстан командаларының біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.
28 жастағы футболшы өз елінің "Бухара" клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда 11 ойынға қатысып, 7 гол соғып үлгерген. Өзбекстандық ақпарат құралдарының мәліметінше, Иванға ұсыныс тек қазақстандық командалардан ғана түсіп отырмаған көрінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу