Өзбекстан ғарышты игере бастайды

401

Өзбекстан ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану жөніндегі елдер қызметінің принциптері туралы халықаралық келісімнің мүшесі болды. 

Өзбекстан ғарышты игере бастайды Фото: саnva.com

Тиісті құжатқа Республика Президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, ел ғарышты, соның ішінде Айды және басқа аспан денелерін зерттеу және пайдалану мүмкіндігіне ие болады және халықаралық ғарыш жобаларына, ресурстар мен білім алмасуға қатысады.

Өзбекстан ғарыш саласындағы жұмысты белсенді дамытуда. 2025 жылы республика ТМД елдерінің ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңесіне төрағалық ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу