Өзбекстан халқының саны 36 млн-нан асты

1024

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 36 млн 197 мың адамнан асты. 

Өзбекстан халқының саны 36 млн-нан асты Фото: google

Өзбекстан халқының күнделікті өсімі 2 мың адамды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Республика Статистика агенттігінің деректеріне сілтеме жасай отырып.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 36 млн 197 мың адамнан асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғындардың жалпы саны 2,2%-ға өсті.

2023 жылдың басынан бері ел азаматтарының саны 172,8 мың адамға немесе осы жылдың әр айында шамамен 57,6 мың адамға өсті.

Тұрғындардың жалпы санының 18,4 миллионнан астамы қалаларда, 17,7 миллионы ауылдық жерлерде тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу