Өзбекстанда халық саны 38 миллион адамға жетті. Мәліметке сүйенсек, 2025 жылғы 28 тамыз сағат 9:35-тегі жағдай бойынша тұрақты тұрғындардың саны осынша болды.
Елдегі ерлер саны әйелдерге қарағанда 273 600 адамға көп:
-
ерлер – 19 136 800 адам
-
әйелдер – 18 863 200 адам
Мамандардың болжамынша, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқы 40 миллионға жетеді. Бұл – Орталық Азия халқының жартысына тең көрсеткіш. Соңғы 30 жылда елдегі халық саны 15 миллион адамға артқан. Сарапшылар мұны тұрақты демографиялық өсімнің белгісі деп санайды.
Қазір Өзбекстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 74,3 жасты құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу