Өзбекстан Иранның ШЫҰ-ға кіруі туралы меморандумға қол қойды

488

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) кіруі жөніндегі меморандумды бекітті.  

Өзбекстан Иранның ШЫҰ-ға кіруі туралы меморандумға қол қойды Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

Құжат ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Тегеран орындауы тиіс міндеттемелерді айқындайды.

"Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Иран Ислам Республикасының міндеттемелері туралы меморандум бекітілсін", - делінген Қаулы мәтінінде.

Мирзияев ел СІМ-ге ШЫҰ Хатшылығына Өзбекстанның аталған Меморандумның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарлама жіберуді тапсырды.

2022 жылдың 15 қыркүйегінде Самарқандта Иран ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу жөніндегі міндеттемелері туралы Меморандумға қол қойды. 

27 қарашада Иранның Ұлттық парламенті елдің ұйымға кіруі туралы заң жобасын қабылдады. ШЫҰ рәсімдеріне сәйкес меморандумды ұйымға мүше елдер де бекітуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу