Өзбекстанда неке жасына толмаған адаммен шаңырақ құрған азаматқа салынатын айыппұл көлемі 41 млн 200 мың сумға дейін артты, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Аталған норма әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі күшейтуге бағытталып отыр.
Әділет министрлігі туған-туыстар арасында некеге тұруға тыйым салу бойынша да заң дайындалып жатқанын айтты.
Енді немере ағайындылардың, жиендер мен бөлелердің шаңырақ көтеруіне тосқауыл қойылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу