"Бұл мәселе өте күрделі, құрылыс туралы шешім қазақстандық тараптың пікірін ескере отырып қабылданады. Менің білуімше, бұл атом электр стансасын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Біз бұл мәселеде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, өз ұстанымымызды қорғайтынымыз анық", – деді Брекешев.
Еске сала кетсек, 2018 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мен Ресей үкіметтері республикада атом электр стансасын салу туралы келісімге қол қойды. Жизақ облысындағы Тұзқан көлінде станция салу жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу