Өзбекстан Қазақстаннан ақша аудару бойынша екінші орында тұр

1256

Өзбекстан Қазақстаннан ақша аудару бойынша екінші орында тұр

Өзбекстан Қазақстаннан ақша аудару бойынша екінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ақшаны белсенді аударған және алынған елдерге Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Соған қарамастан, ең көп аударымдар Ресейге жіберілген: 89,4 млрд теңге жіберілсе, ол жақтан 50,6 млрд теңге түскен. Одан кейін Өзбекстан тұр, онда 31,3 млрд теңге аударылып, 7,5 млрд теңге алынған", - деп атап өтті ranking.kz Қазақстан экономиканы бақылау интернет-жобасы.

Сондай-ақ, ақшаны аудару бойынша белсенді елдердің ішінде Түркия бар. Онда 24,4 млрд теңге жіберіліп, 9 есе аз - 2,7 млрд теңге түскен.

Бұдан бөлек, ҚР-дан ақша көп жіберілетін елдердің арасында - Қытай (15,9 млрд теңге), Украина (5,4 млрд теңге), Әзербайжан (4,5 млрд теңге) және  Грузия (1,9 млрд теңге) бар.

Сонымен қатар, Қазақстанға ақша жіберетін елдерге Оңтүстік Корея (17,4 млрд теңге), АҚШ (4,4 млрд теңге), Германия (4 млрд теңге) және БАӘ (1,3 млрд теңге) кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу