29 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі Қазақстан зауыттарында шыққан жаңа көліктерге акциз салығын төмендету туралы қаулы қабылдады, деп naryk.kz.
1 қазаннан бастап Қазақстаннан келетін импорттың акцизі кедендік құнының 2 пайызын құрайды.
Бұған дейін тек Ресей мен Украина көліктеріне осындай жеңілдік болған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен апта Ташкентте өткен қазақ-өзбек бизнес форумында қазақстандық көлік өндіруші компаниялар осы салықты азайту туралы Өзбекстан үкіметіне өтініш білдірген. Дегенмен, өзбектер салықты азайтпайтынын білдірген еді.
Осыдан кейін Қазақстанның автокөлік өндірушілер қауымдастығы Сағынтаевқа ашық хат жазып өзбектердің көліктеріне салықты көбейтуді сұраған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу