Өзбекстан Үкіметі жариялаған қаулыда билік мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алуға ниетті екені жазылған. Оның ішінде биыл сәуір-шілдеде Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып жоспары көрсетілген.
"Ұсыныс мақұлдансын... Сәуір-шілдеде Қазақстаннан үшінші сұрыпты 100 мың тонна бидай (осы көлемнің бір бөлігі – ұн) қолайлы бағамен импорттау", – деп жазылған lex.uz ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланған құжатта.
Құжатқа Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік резервтерді басқару комитеті мен Қазақстанның Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қол қояды деп жоспарланып отыр.