Өзбекстан кедендік экспорт төлемдерін алып тастады

919

Өзбекстан кедендік экспорт төлемдерін алып тастады

Өзбекстандық тауарлардың экспортын ынталандыру мен олардың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Өзбекстан президенті экспорттық кеден төлемдерін алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, осы мәселеге байланысты қол қойылған жарлықта барлық тауар түрлеріне кедендік төлемдер алынып тастайды. Сонымен қатар ерекше қадағаланатын тауарларды есептемегенде тауарлардың экспортын лицензиялау да алынып тасталды.

Бұған қоса өз өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін және жеке өз өнімдерін жарнамалау мақсатында шет мемлекеттерден сауда үйлері мен өкілдіктерді ашуға рұқсат етілген.

Сонымен қатар осы жарлықта Өзбекстанға импорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімі көрсетілген. Оның құрамына Өзбекстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылымын, территориялық тұтастығын, мемлекеттік тәуелсіздік пен саяси тәуелсіздігін бұзуға, соғыс пен терроризмді, зорлық-зомбылық пен нәсілшілдік пен діншілдікті насихаттауға бағытталған, сондай-ақ порнографиялық баспа өнімдері мен қолжазбаларды, клише, суреттер мен фототүсірілмдер мен фотопленкалар, кино және аудиоөнімдер сияқты өзге де дүниелер бар.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу