Өзбекстан келесі айда шекарасын ашады

3588

Бұл шешімді коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады.

Өзбекстан келесі айда шекарасын ашады

Өзбекстан 1 қазаннан бастап шекарасын ашу туралы шешім қабылдады. Бірақ карантиндік ережелер міндетті түрде сақталатын болады.  

"1 қазаннан бастап әуе, теміржол, көлік қатынасына салынған тыйымдар күшін жояды. Карантиндік және санитарлық-гигиеналық ережелер сол күйі қалады", – деп жазылған ресми хабарламада. 

Бұл шешімді коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдаған. 

Еске сала кетсек, Өзбекстан наурыздың ортасында вирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелген кезде шекараны жауып, көлік қатынасын тоқтатқан еді.Дегенмен чартерлік рейстер ашылып, басқа елде қалып қойған өзбекстандықтарды елге қайтару үшін арнайы пойыздар жүріп тұрды.

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 49 мыңнан асып, оның 45 мыңы жазылған. Дерттен 411 адам қаза тапқан. 
Өзбекстанда вирус жұқтырудың алғашқы фактісі 15 наурызда тіркелген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу