Өзбекстан Қазақстан мен Қырғызстан, Тәжікстанда оқитын жастарын кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Көрші елде енгізілген жаңа заңнамаға сәйкес мұндай жастар өз мамандықтары бойынша ешқандай емтихан тапсырмастан, автоматты түрде оқу орындарына қабылданатын болады. Олардың өтініштерін қабылдау бастапқыда 15 ақпанға тағайындалған болса, кейіннен бұл мерзім 15-ші наурызға дейін ұзарды. Нәтижесінде, өзбек елінің жастары жоғары оқу орындарынан құжаттарын алып, елдеріне оралуда.
Бүгінде тек Шымкенттегі жоғары оқу орындарында 15 мыңдай Өзбекстандық студент оқиды. Олардың барлығы өз елдеріне қайтуға әрекеттерін жасауда. Алайда, барлығына бірден құжаттарын беру оқу орындарына қиындықтар туғызып тұр. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жаппай өтініш түскен соң анықтама беру жұмыстарын таңғы жетіден түнгі он бірге дейін жүргізуде.
Ал, екі мыңдай өзбекстандық білім алатын "Силкуэй" унииверситетінде студенттердің 85-90 пайыздайы транскиптерін алып қойыпты. Жылына 200 мың теңгедей төлемақы төлеген жастар үшін бұл жағымды жаңалық болған. Себебі, Қазақстанға келіп кету мен пәтер жалдау ақысы, азық түліктің қымбаттығы мен мемлекеттік тілде сөйлемеу өзбекстандықтарға едәуір қиындықтар туғызғанын айтады.