Шымкенттік "Ордабасы" футболшылары Бобур Абдухоликов пен Шохбоз Умаров Катарда өтетін Азия кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсететін Өзбекстан құрамасының сапына шақырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Ұлттық құрама сапындағы Қазақстан чемпионының ойыншылары Катарға келді. Командада қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы шабуылшысы Игорь Сергеев те болды.
Айта кетейік, 2024 жылғы Азия кубогы 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді, оған құрлықтың 24 құрамасы қатысады. Өзбекстан құрамасы В тобында өнер көрсетеді, оның қарсыластары Үндістан, Сирия және Австралия болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу