Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік университеті жанындағы жұмыс тобы өзбек әліпбиінің жаңарған нұсқасын таныстырды. Дәл осы топ латын әліпбиіне негізделген өзбек алфавитін жетілдірумен айналысады.
Кириллицадағы "ц" әріпі "с", "ш" және "ч" дыбыстары sh және сh сияқты диграфтардан бас тартып, оларды Çç және Şş таңбаларымен пайдалынады. Сондай-ақ қазақша кириллицадағы "ұ" және "ғ" дыбыстарына ұқсас "o" және "g" белгілеу үшін Óó және Ǵǵ таңбалары қолданылмақ.
Gazeta.uz хабарлауынша, 1995 жылы Өзбекстан диакретикалық таңбалары бар әріптерді алфавиттен алып тастап, оларды диграфтармен алмастырған. Бірақ қазір ғалымдар олардан бас тартып отыр. Соңғы өзгерістерді түсіндірген лингвистердің айтуынша, мысалы, "o" немесе "g"дыбысын апострофпен жазған кезде қолданушылар кейде алты компьютер пернесін басуға мәжбүр болады.