Өзбекстан литий, графит және алюминий кен орындарының шикізат базасын қалыптастыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде және оларды бірлесіп өндіру мен өңдеу үшін инвесторларды тартуға ниетті, деп жазады inbusiness.kz. Бұл туралы республиканың тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламов мәлімдеді.
"Біз литий, графит және таза алюминий кен орындарының шикізат базасын қалыптастыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргіздік. Жыл соңына дейін техникалық-экономикалық негіздеме аламыз деп күтудеміз. Инвесторлармен бірге Өзбекстан аумағында өндіріп, қайта өңдеуге кіріспекпіз", - деді Исламов жұма күні Самарқандта өткен XVI Верона Еуразиялық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, аталған елде мысты озық өңдеу бойынша технологиялық шаралар жүргізілген. Қазір Өзбекстанда жылына 150 мың тонна мыс өндірілсе, оны өндіру көлемін 500 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.