Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай пікір білдірді.
"Өзбекстан тарапының мамандарымен тығыз байланыстамыз. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар өздерінің техникасымен кіріп, біздің бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетіндігіне келісім алып келдік. Біз тек шекарадан өтуге мүмкіндік беруіміз керек", – деді Өмірзақ Шөкеев.
Облыс басшысының сөзінше, Мақтаарал ауданын сорғыту үшін елдімекендердің айналасына арық қазу керек. Бұл үшін техника қажет.
"Экология министрлігімен бірігіп, өңірлерден мотопомпаларды, сорғыларды алдыру керек", – деді Өмірзақ Шөкеев.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу