Өзбекстан мақтааралдық шаруаларға өтемақы төлеуге міндетті ме?

1115

Түркістан облысында 3,6 мың гектар егіс алқабы су астында қалды.

Өзбекстан мақтааралдық шаруаларға өтемақы төлеуге міндетті ме?

Өзбекстанның батысындағы  жарылған дамбыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта  екі баланың қаза тапқаны белгілі болды. Жалпы қойманың маңайында тұратын 70 мыңға жуық адам, қауіпсіз жерге көшірілген.

Елдің Сырдария облысында орналасқан Сардоба су қоймасы осыдан үш жыл бұрын ғана қолданысқа берілген екен. Оның құрылысы 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін жүргізілген. Сыйымдылығы 922 млн текше метр. Бүгінде жергілікті төтенше жағдайлар қызметі қойманың жырылған жерін бекітіп, суды тоқтаттық деп хабар таратуда. Жалпы жағдайды ел президенті Шавкат Мирзиеев бақылауына алған.

Су қоймасындағы апаттан Түркістан облысы Мақтаарал ауданы зардап шегіп отыр.

Су тасқынан еліміздің оңтүстігіндегі 3 ауылдың 3600 гектар егістік алқабы  шайылып кетті. Шығын көлемі шамамен 404 млн теңге деп бағаланып отыр. Бұл мал басын есептемегенде. Енді осы жағдайда Өзбекстан тарапы Қазақстанға, яғни біздің шаруаларымызға  қандай да бір өтемақы төлеуге міндетті ма? Бүгінде екі ел арасында трансшекаралық өзен көлдерді реттеу туралы келісім бар ма? Бұл сұрақтарға Atameken Business-ке заңгер, Бақытжан Базарбек жауап берді:

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу