Өзбекстан мақтасы әлемдік нарықта Қытай өнімдерін алмастыра ала ма?

647

Ал Өзбекстан биыл тоқыма және трикотаж өндірісін 440 миллион доллларға дейін ұлғайтпақ. 

Өзбекстан мақтасы әлемдік нарықта Қытай өнімдерін алмастыра ала ма? Фото: egemen.kz

Осылайша экспортты 4,3 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.

Өзбектерде мақтаны "ақ алтынға" теңейді. Бірақ сол аппақ мақта 10 жыл бойы халықаралық Еңбек хақын қорғау коалициясының қара тізімінде болды. Оған жұмысқа балаларды тарту себеп. Салдарынан жүздеген әлемдік компания өзбек мақтасы мен одан жасалатын өнімдерді алудан бас тартты. Мәселені шешу үшін елде заң қатаңдатылып, бірқатар реформа жүргізілді. Енді міне ақ мақтаның қара тізімнен шыққанына тура 1 жыл. Қазір өзбекстандық кәсіпкерлер мақтаны ғана емес одан өндіруге болатын кез-келген өнімді экспорттауға дайынбыз,- деп отыр.

"Біз осы ауданның фермерлерінен мақта сатып алып, өңдейміз. Сол арқылы логистикаға қаржы жұмсамаймыз. Таза мақтаны киім өндірісіне, дәнін фермерлерге жібереміз. Ал, тұқымынан май шығарамыз, қалған бөлігінен үй жануарларына арналған құрама аламыз. Яғни бір мақтадан 4 тауар. Бұл қалдықсыз өндіріс. Қазір ішкі нарықты қаматамасыз етіп отырмыз. Ендігі жоспар әлемдік нарыққа шығу", дейді Мақта Агрокластерінің директоры Фарух Пейшаев.  

Бұл мекеме мақтаның келісін 10 мың сумнан алады екен. Ол біздің валютамен 400 теңге. Ал Түркістан облысында келісі 330-дан саудаланып жатыр. Бағаның арзандығынан шаруалар да, өңдеушілер де ұтылып отырған жайы бар. Былтыр мақтаның халықаралық биржадағы құны  2 200-3 200 доллар аралығында болды. Алайда біздің шаруалар 500 тіпті 700 долларға арзанырақ сатқан. Оған мақтаны өңдемеу мен отандық нарықтың экспортқа бағытталуы себеп. Ал Өзбекстанда таза мақтадан гөрі тоқымаға көбіріек мән берілген.

"Біздің кластерде мақтаны егуден бастап дайын киім алуға дейінгі барлық процесс қамтылған. Мұнда 3500-ден астам адам жұмыс істейді. Өзіміз жіп иіріп, оны бояп матаға айналдырамыз. Кейін дайын материалдан дизайнерлер киім-кешектің пішімін сызады. Тігіншілеріміз мас-маркетке арнап отандық брендпен киім тігеді. Қазір өнімдерімізді Еуропаға дейін экспорттап жатырмыз. Былтыр шетелге 30 миллион доллардың тауарын саттық", дейді Тоқыма фабрикасының директоры Шермухаммад Ачилов.  

Былтыр Өзбекстан 3 млрд долларға тоқыма өнімдерін экспорттаған. Алдағы 4 жылдағы меже мұны 10 миллиардқа жеткізбек. Ол үшін кәсіпкерлердің Еуропа, Түркия мен Египет және Марокко елдеріне тасымалдау шығындарының 70%-ын мемлекет өтемек. Оған қоса, тоқыма өнімдерінің жаңа түрлерін өндіруге бюджеттен 100 миллион доллар бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу