Өзбекстан мен Қазақстан арасында халықаралық маңызы бар жол ашылды

1116

Аталған тас жолдың құрылыс жұмыстарына 108 миллион АҚШ доллары жұмсалған. 

Өзбекстан мен Қазақстан арасында халықаралық маңызы бар жол ашылды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин және Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов "Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы" бағытындағы халықаралық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР үкіметінің басшысы "Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы" халықаралық автомобиль жолында қозғалыстың ашылу рәсімімен құттықтап, бұл айтулы оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымының дамуына, сауда-саттық көлемінің артуына, транзиттік әлеуетін іске асыруға серпін беретінін атап өтті.

ҚР үкіметінің басшысының айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шықты және оң динамикаға ие болды. Оның дәлелі өзара сауда көлемінің жыл сайынғы өсімі болып табылады. Өткен жылы тауар айналымы $3 млрд құрады. Биылғы жылдың басынан бері оң өсім динамикасы байқалуда.  

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов көршілес бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан елдері үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу