Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік шекараны межелеу жөнінде құжаттар дайындап жатыр

988

Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік шекараны межелеу жөнінде құжаттар дайындап жатыр

Ташкентте шекараны межелеу жөніндегі Өзбекстан-Қазақстан бірлескен комиссиясының отырысы өтіп, онда мемлекеттік шекараны белгілеу құжаттарын дайындау барысы қаралды, деп хабарлайды "Интефакс".

"Аталған отырыс барысында қос мемлекеттің үкіметтік делегациялары Қазақ-өзбек мемлекеттік  шекарасын межелеу жөніндегі құжаттарды даярлауды одан әрі жалғастырып, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында алқап жұмыстарын жүргізу кестесіне келісім жүргізді", – делінеді Өзбекстанның СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Таратылған ақпаратта айтылғандай, кездесу достық және конструктивтік жағдайда өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу