Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы жағдайды қос тарап тергей бастады

1415

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өзбекстандық әріптестерінен келген хат тергелу үшін тиісті ведомствоға жіберілгенін жариялады. 

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы жағдайды қос тарап тергей бастады

Өзбекстан азаматтары "Тәжен" бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанмен арадағы шекарадан кедергісіз өту үшін белгісіз азаматтарға мәжбүрлі түрде ақша төлейтін көрінеді. Олар осы жағдайға шағымданып отыр. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлады. 

"Белгісіз тұлғалар "Тәжен" бақылау-өткізу пунктінде Өзбекстан азаматтарынан оларды шекарадан өткізу үшін ақша бопсалайды деген шағымдарға байланысты біздің еліміздің Нұр-сұлтан қаласындағы елшілігі мен Ақтау қаласындағы Бас консулдығы қазақстандық тараппен бірлесіп, мән-жайды анықтау және проблемаларды шешу үшін бірқатар дипломатиялық қадамдар жасауда", – делінген Өзбексанның Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде. 

Көрші елдің ведомствосы Қазақстан аймағында жүрген өзбекстандықтардың осындай жағдайларда Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігіне, Ақтау мен Алматыдағы консулдықтарға жүгіне алатындарын жеткізді. 

Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өзбекстандық әріптестерінен келген хат тергелу үшін тиісті ведомствоға жіберілгенін жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу