Өзбекстан мен Қырғызстан еліміздің ҰОК-ты 30 жылдығымен құттықтады

488

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Өзбекстан мен Қырғызстан еліміздің ҰОК-ты 30 жылдығымен құттықтады Фото: liter.kz

Өзбекстан мен Қырғызстан Ұлттық Олимпиада комитеттерінің басшылары елімізді Олимпиадв қозғалысының 30 жылдығымен, Тимур Құлыбаевты ҚР ҰОК президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Мен Қазақстанды Олимпиада қозғалысының 30 жылдығымен құттықтаймын және оның басшысына шабыт, нәтижелі жұмыс тілеймін. Алдағы Азия ойындарында жүлделі орындарға ие болып, биіктен көріне беріңіздер дегім келеді", — деп құттықтады Қырғызстан ҰОК Президенті Садыр Құштарбекұлы. 

Ал Өзбекстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы арнайы кәдесый — ұлттық қолөнер туындысын табыстап, өзінің жылы лебізін білдірді.

"Бүгін Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен барлық біздің спортшылар атынан сіздерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Екіншіден, жақында сайланған Тимур Құлыбаев жұмысы жемісті болсын дейміз", — деп арнайы медаль табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу