Өзбекстан мен Қырғызстан шекараны делимитациялау мәселесін талқылады

833

Өзбекстан мен Қырғызстан шекараны делимитациялау мәселесін талқылады

Қырғызстанның Ош қаласында Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтері делегацияларының өзбек-қырғыз шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі жұмысшы топтарының 10 күндік келіссөзі сәтті аяқталды, деп хабарлайды uzreport.uz.

Келіссөз барысында екі елдің шекарасындағы барынша күрделі бөліктеріндегі далалық зерттеу және геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл аумақтарға Өзбекстанда Әндіжан, Наманған және Ферғана облыстарымен Қырғыз Республикасындағы Баткен, Жалал-Абад және Ош облыстарының қиысатын тұстары жатады. Келіссөз соңында тиісті хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу