Өзбекстан мен Түркістан арасында жүрдек пойыз қатынауы мүмкін

1676

Былтыр Ясауи кесенесіне 1,4 млн турист келген.

Өзбекстан мен Түркістан арасында жүрдек пойыз қатынауы мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің туристік әлеуетіне тоқталды. Оның айтуынша Өзбекстанға келген туристердің Түркістанға өтуіне шекаралық процедуралар кедергі келтіріп отыр.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасын жалғайтын жүрдек пойыз жолының құрылыс жобасы қолға алынбақшы. Бұл жобаға үлкен үміт артылып отыр. Былтыр Өзбекстанға 5 миллионнан астам турист келген екен. Оның басым бөлігі – Шығыс өркениетіне елтіген батыстық туристер. Самарқан, Хиуа, Бұқара сияқты жерлерді аралайтын туристердің көбі Түркістанды да көргісі келетінін білемін. Бірақ ол үшін бізге көлік мәселесін шешіп, шекарадан өту процесін мейлінше жеңілдету қажет. Былтыр Түркістанға 1 млн 400 мың турист келді. Мен мұны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сатылған билеттердің саны бойынша айтып отырмын. Бұл әлеует әлі орасан. Түркістанның облыс орталығы ретінде гүлденуі туризмді еселеп дамытатын болады.  Өңірді дамытудағы ең келешгі зор бағыт та осы туризм бола ма деп отырмыз", – деді Өмірзақ Шөкеев. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу